Түркі әлемінің қызығушылығын оятты

0

Мақалада Президент Назарбаев Ұлы дала өркениеті­нің барлық қырлары мен құрам­дас бөліктерімен танысу үшін басымдық берілетін бағыттарды жариялады. Тарихшылар, ғалым­дар және сәулетшілерден құрал­ған халықаралық қоғамдастық өкілдерін тарихи сананы жаң­ғырту ұмтылысына қолдау көр­сетуге шақырды. Ортақ тарих, тіл, бірегейлік пен мәдениет се­­кілді төрт бағытты негіз ете құ­рылған Түркі кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жо­баларды қолдауға бар күш-жі­герін жұмсауға дайын. «Түркі әлемінің Көшбасшысы» ретін­де танылған, әлемдік дең­гей­­де­гі қай­раткер Президент Н.Назар­баев Түр­кітілдес мемлекеттер ын­­ты­­мақтастығын жаңа дең­гей­ге шығаруда айрықша рөл ат­қар­­ды. Оның түркі интеграция­сы­на көзқарасы рационализм мен реализмге, өзара тиімді жә­не теңгерімді стратегияға негізделген. Сондықтан ортақ та­рихымызға жаңаша көзқарас­пен қарап, ата-бабаларымызды есте ұстап, олардың мұрасын зерт­теп, мәңгілікке сақтау, Түркі өр­кениетінің байлығын қазіргі заманғы үрдістерге үйлестіру тарихи және мәдени мұраны жас ұрпаққа жеткізу арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Түркі кеңесі Түркі әлеміндегі ынтымақтастық механизмдерінің бесігі ретінде құрылды. Содан бері кең ауқымды іс-шаралар­ды жүзеге асырып, мүше мемлекет­тер­дің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына тікелей ықпал етіп, ынтымақтастықтың барлық саласында елеулі табыс­тарға қол жеткізді. Бұл шаралар нақты нәтижелер көрсетіп, ын­тымақтастықты тереңдету және кеңейту жолындағы Түркі кеңесінің әлеуетін ұлғайтты. Келешек ұрпақтың ортақ тарихымызды жан-жақты түсі­ніп, мұраларымызды құрметтеуі үшін Түркі әлеміндегі білім беру, туризм, жастар және спорт сала­сын­дағы ынтымақтастықтың ерекше маңызы бар. Мүше мем­лекеттердің жетекші тарихшылары жасаған оқулық жобасы өскелең ұрпаққа ортақ тарихымызды тиімді үйрететіні анық.

Президенттеріміздің тапсырмасына сәйкес, Түркі академиясы бірлесе отырып, XV ғасырға дейінгі жалпы түркі тарихы оқулығын аяқтады. Бұл кітап келер жылы мүше мемлекеттердің оқу жоспарына қосылады. Елбасы мақаласында айтылғандай, уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғыс­қан кезде ұлт тарихы басталады. Тарихты, география мен адам­затты толық түсінбей, оны үй­рену қиын екені белгілі. Түркі ке­ңе­сінің қолдауымен Түркі ака­демиясы бастапқы жобаны жүзеге асырғаннан кейін түркі гео­гра­­фиясы мен әдебиеті бойын­ша оқу­лықтарды дайындауға кіріседі.

Сонымен қатар Түркі кеңе-сіне мүше мемлекеттер заманауи Жібек жолы ортақ турын ұсы­­нады. Аталған жоба әлемдік тауар­лар мен интеллектуалды ын­­ты­мақтастық эпицентрін бей­­­не­лейтін, Еуразияның жүре­гінде жатқан түркі өркениетінің ны­­сан­­дарымен, іздерімен және мұраларымен танысуға мүм­кіндік береді. Түркі кеңесіне мү­ше мемлекеттер ортақ тарих­ты, бір мәдениет пен тілді бөлісетін жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді насихаттау және жастардың жеке дамуына үлес қосуға ерекше назар аударады. Олардың ортақ тарихпен мақ­танып, келешекке сенімін артаты­ны анық. Қазіргі жаһандану заманында салт-дәстүріміз бен мә­де­ниетімізді жас ұрпаққа өнеге ретінде қалдыру – өзекті мәселе.

Н.Назарбаев  көшпелі тарихымыз заманауи өмірдің әртүрлі аспектілерінің қалыптасуына әсерін тигізгенін атап өткені бел­­гілі. Қырғызстанда өтетін «Дү­ние­жүзілік көшпенділер ойын­дары» Түркі кеңесі алаңында ең маңызды және ірі жобаға ай­нал­­ды. Бұл әлемдік сахнаға түркі халық­тарының рухани санасы мен тарихи жадын қалпына келтіруге, ата-бабаларымыздың мәде­ниетін сақтауға және мақ­тан тұтатын өркениетімізді наси­хат­тауға бағытталған. Бүкіл дүние жүзіне кең тараған «Дүние­жү­зі­лік көшпенділер ойындары» ата-бабаларымыздың мұра­ла­рын сақтап қалып, танымал­ды­лы­ғы артып, маңызды рөл ат­­қа­ратынына сенімдімін.

Түркі кеңесі жаңа идеялар мен бастамалардың ең жоғар­ғы дең­гейде дамып, жүзе­ге асы­­ры­ла­тын бірегей ала­ңы ре­­тін­де қалыптасты. Мұн­да Түркі әлемі­нің саяси диалогі мен ын­ты­мақтастық мәсе­ле­лері тал­қыланады. Прези­дент­­тері­міздің Түркі әлеміндегі ұжым­дық рухты сақтау үшін ат­қарып жатқан көш­басшы рөлін, түркі­тіл­дес мем­лекеттердің ын­ты­­мақ­­тас­тық ұйым­дарының ой-пікірі мен даналығын атап өт­кен жөн. Олар­дың ұсынатын пікір­­­­лері мен бас­тамалары көп жағ­­д­­айда түр­кі халықтары ара­сын­­­­дағы ын­ты­мақтастықты ны­ғай­­­тып, жаңа басымдықтарды анықтайды.

Осы орайда, Қазақстанның перспективалық дүниетанымы мен түркі әлемінің болашақ көрінісі ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» түсінігін қолдап, оны жалғастыру үшін үлкен жігер қажет. Н.Назарбаев осы бағытта жұмыс атқару үшін «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы даланың көне өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклорының антология­сы» және «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» нақты жобаларын ұсын­ды. Осы жобаларды атқару ба­ры­сында Түркі кеңе­сіне мүше мем­лекеттер Қазақ­стан­ның билік өкілдерімен тығыз ынтымақ­тастықта болады.

Мұндай ынтымақтастық бір­лігімізге үлес қосатындығын, мем­­лекет­теріміз бен халықтары­мыз­­ға кезігетін қазіргі және бола­шақ­тағы сынақтар мен қатер­лер­­ді шешуде ортақ әрекет­ке жұ­мыл­­дыратынын есте ұстауы­мыз керек. Түркі мем­лекет­терінің күш-жігері мен бірлігі ғана түркі әлемі­нің дамуы мен ин­т­егра­ция­­сына серпін бере ала­ды. Түркі әлемінің қай­та өр­кен­деуі бар­лық түркітілдес мем­лекет­тердің бір­лескен іс-әрекетін одан әрі күшей­туді және осы бағыт­тағы ы­нты­мақтастық­ты дамы­туды талап етеді. Осы тұр­ғы­дан алға­нда, Түркі кеңесі түркі­тілдес мемлекеттердің өзара серіктестіктерін одан әрі тығыз ны­ғайтуға, жаңа бастамалар мен жобаларды қалыптастыруға бар күш-жігерін салады.

Бағдат ӘМІРЕЕВ,

Түркі кеңесінің

Бас хатшысы