Туристік брендті жасауға қарапайым адамдарды тарту қажет — сарапшы

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елдің туристік брендін қалыптастыруға қарапайым тұрғындарды тарту қажет. Community халықаралық басылымының шеф-редакторы Украинадан келген спикер Татьяна Люлька TravelMediaTalks халықаралық форумында мәлімдеді.

«Елдің брендсіз алға жылжу мүмкін емес. Бүгінде әлемде туризм саласы ЖІӨ-нің 10 процентін құрайды. 2050 жылы әлемдік туризм 2 млрд АҚШ долларын әкеледі деп күтілуде. Бұл цифр одан әрі өсе береді. Майя приамидасы Мексикада орналасқанын бәрі біледі. Бірақ дәл сондай приамида Гватемалада барын көп адам біле бермейді. Неліктен? Себебі кімде-кім басқаға қарағанда жақсы жұмыс істеді, адамдарға жақсы жеткізді. Ал негізінде тарихи маңызы бар пирамиданы көремін десеңіз Гватемалаға бару қажет. Мен бұл жерде бренд акценті мен маңызы туралы айтып отырмын», — деді спикер.

Ол бүгінде бренд логотип не слоган емес, толық мағынасы бар образдар жиынтығы екенін атап өтті.

«Брендті оған еш қатысы жоқ адамдар жасай алады. Сол үшін де сіздерге қарапайым адамдарды тартуға кеңес беремін. Бұл блогер не журналистің ғана жұмысы емес, елдің әр тұрғыны өз елінің, өз қаласының туристік елшісі бола алады», — дейді Татьяна Люлька.

Ол елдің ішкі брендін анықтамайынша сыртқы брендті құруға асықпау қажет екенін айтты.

«Бренд елдің әрбір тұрғынына түсінікті болуы тиіс. Ел ішінде брендтің не туралы екені түсінікті болса, онда олар оны әрі қарай жетілдіреді. Сол себепті ел ішінде үлкен жұмыс жасалуы тиіс», — деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада «Жаһандық цифрландыру кезеңіндегі туризм: жаңа толқынға бағыт» тақырыбында TravelMediaTalks халықаралық форумы өтуде. Форум спикерлері – 6 мемлекеттен, соның ішінде Ұлыбритания, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстаннан келген туризм мен медиа саласындағы сарапшылар. Сондай-ақ, бүгін форум барысында еліміздің туристік брендінің тұжырымдамасы көпшілік назарына ұсынылды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ