Турист екі қоңыр аюдың айқасын видеоға түсіріп алды (ВИДЕО)

0

Финляндияның ормандарын аралап жүрген турист әрі саяхатшы Даниэль Лудин екі қоңыр аюдың айқасына кездейсоқ куә болды. Сұсты жануарлардың төбелесін ол видеоға түсіріп алды

Роликтен жабайы жануарлар алдымен бір-біріне баяу жақындап, айнала жүріп, әрқайсы өз аумағын көрсеткен секілді ишара білдіреді, содан кейін қатты ақырады да, шайқасқа кіреді.

Олар бір-біріне табанымен қуатты соққылар жасап, өткір азуымен шайнасады.

Дегенмен, видео авторы қоңыр аюлардың айқасы немен аяқталғанын хабарламайды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/