Түрікменстан президенті министрді барлық наградаларынан айырды
Қысқа сілтеме алу
Түрікменстан президенті бұрынғы министрге 12 рет қатаң сөгіс жариялаған. Алайда министр бұдан тиісті қорытынды шығармаған
НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Исгендер Муликовты барлық атағынан айырып, қызметінен босатты, деп хабарлайды РИА Новости.
Түрікменстандық телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы 1 қазан күні өткен үкіметтің бірлескен отырысы мен қауіпсіздік кеңесінің отырысында ішкі істер министрін қызметтен босату туралы қаулы шығарған.
Гурбангулы Бердімұхамедов Исгендер Муликовты қызметін асыра пайдаланғаны үшін министр лауазымынан босатып, шенін полиция майорына дейін түсіретінін мәлімдепті. Сондай-ақ, ол Муликовты барлық мемлекеттік наградасынан айырған.
Мемлекет басшысы бұрынғы министрге 12 рет қатаң сөгіс жарияланса да, одан тиісті қорытынды шығармағанын атап өтті.
Түрікменстанның ішкі істері министрі лауазымына Мамметхан Чакыев тағайындалды. Ол осыған дейін вице-премьер қызметін атқарып, елдегі өнеркәсіп, көлік және байланыс мәселелеріне жауап берген.
Тағы оқыңыз: Тоқаев екі министрді қызметінен босатты
Мамметхан Чакыевтың күштік құрылымдарда еңбек тәжірибесі бар. Ол 2017 жылдың ақпанында мемлекеттік кеден қызметін басқарған. Сол жылдың маусымында экономикалық қылмыстырға қарсы күрес қызметінің директоры болған. Бұл қызметте 2018 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істепті.
Айта кетейік, Мамметхан Чакыев ішкі істер министрі қызметіне 2009 жылдың мамырында тағайындалған. Осы уақыт аралығында президенттен қатаң сөгіс те алыпты. Тіпті, 2013 жылдың сәуірінде полиция-майоры шенінен полковникке дейін төмендеген.
sputniknews.kz