Түрікменстан президенті циркте өнер көрсетті – видео

Қысқа сілтеме алу
Түрікменстан басшысы цирк әртістеріне сыйлық жасады, оның ішінде өзі орындаған «Ровач» рэп-композициясы жазылған дискілер де болды
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов циркте өнер көрсетті, деп хабарлайды Altyn Asyr телеарнасы.
29 желтоқсан күні, жексенбіде Бердімұхамедов Ақалтеке халықаралық ат спорты орталығында болып, шабандоз-акробаттардың өнерін тамашалап, труппа мүшелерімен сөйлесті.
Ұжым басшысы Пыгы Байрамдурдыев президентті Ак ел («Ақ жол» — Sputnik) деген атқа мінуге шақырды. Бердімұхамедов ат үстінде цирк аренасын бірнеше рет айналды.
Кездесуге қатысқан балалар өлең оқып, сәйгүлікке арналған «Ровач» рэп-композициясы жазылған дискілерді сыйлыққа алды. Бердімұхамедов әнді немересі Керимгулымен бірге орындаған.
sputniknews.kz