Тұрғындармен және өңір әкімімен кездесуде өзін екі түрлі ұстаған әкім күлкіге қарық қылды (Видео)

0

Бейнежазбаға түсіп қалған Ақшұқыр әкімі Еркебұлан Жәнібек елді күлкіге қарық қылды. Видеода оның қарапайым халықпен және өңір әкімімен кездесуі салыстыра бейнеленген.

Тұрғындармен кездесуде қолын айқастырып, өзін байыпты, денесін тік, еңсесін биік ұстаған, дауыс тембрі жуан әкім кенет өңір әкімімен кездесуде өзгеріп шыға келген.

Шені өзінен жоғары азаматпен кездесуінде оның дауысы жіңішкеріп, өзін басқаша ұстаған. Желі қолданушылары “Байсалдылықтың да орны бар-ау” деп әзілдеуде.

Фото: видеодан скрин