Тұрғындар сәуірде жауған қардың видеосын жарыса бөлісіп жатыр

0

Көктемде қар жауып, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысындағы алты жол учаскесі жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында қар жауды. Желі қолданушылары видео бөлісіп жатыр, өңірде жолдар жабылды.

Синоптиктер болжағандай, 7 сәуір, сейсенбі күні Қостанайда қар жауып, ауа температурасы -1-3 градусқа дейін төмендеді. Желдің жылдамдығы орташа есеппен 12-23 м/с. Түнде 5-7 градус нөлден төмен болды.

Сәрсенбі, 8 сәуір күні көшпелі бұлт, қар және жел болады деген болжам жасалып отыр.

Сондай-ақ, қазақстандықтар Атырауда да қар жауғаны туралы жазып жатыр.

Қостанай облысында қандай жолдар жабылды

Екатеринбург — Алматы, 444-540 километр (Федоровка — Қостанай);

Екатеринбург — Алматы, 555-686 километр (Тобыл — Сарыкөл);

Қостанай – Әулиекөл — Сұрған, 3-106 километр (Қостанай — Әулиекөл)

Мамлютка — Қостанай, 250-404 километр (Ұзынкөл — Тобыл);

Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный — Қостанай, 547-231 километр (Қостанай —  Ақтөбе облысымен шекара);

Денисовка – Жітікара — Мюктиколь — Ресеймен шекара, 0-50, 82-174 километр (Денисовка — Ресеймен шекара).



sputniknews.kz