Тұрғындар сәуірде жауған қардың видеосын жарыса бөлісіп жатыр

Көктемде қар жауып, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысындағы алты жол учаскесі жабылды
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында қар жауды. Желі қолданушылары видео бөлісіп жатыр, өңірде жолдар жабылды.
Синоптиктер болжағандай, 7 сәуір, сейсенбі күні Қостанайда қар жауып, ауа температурасы -1-3 градусқа дейін төмендеді. Желдің жылдамдығы орташа есеппен 12-23 м/с. Түнде 5-7 градус нөлден төмен болды.
Сәрсенбі, 8 сәуір күні көшпелі бұлт, қар және жел болады деген болжам жасалып отыр.
Сондай-ақ, қазақстандықтар Атырауда да қар жауғаны туралы жазып жатыр.
Қостанай облысында қандай жолдар жабылды
Екатеринбург — Алматы, 444-540 километр (Федоровка — Қостанай);
Екатеринбург — Алматы, 555-686 километр (Тобыл — Сарыкөл);
Қостанай – Әулиекөл — Сұрған, 3-106 километр (Қостанай — Әулиекөл)
Мамлютка — Қостанай, 250-404 километр (Ұзынкөл — Тобыл);
Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный — Қостанай, 547-231 километр (Қостанай — Ақтөбе облысымен шекара);
Денисовка – Жітікара — Мюктиколь — Ресеймен шекара, 0-50, 82-174 километр (Денисовка — Ресеймен шекара).
sputniknews.kz