Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істейтін каналдар жұмысын күшейтті — Қазақстан жаңалықтары

0

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) дағдарысқа қарсы шара ретінде 160 мың заемшыға несие бойынша төлем шегерімін береді.

Бұл шара 2020 жылдың 16 наурызы мен 16 маусымы аралығында барлық несие түрі бойынша қолданыста болады. Уақтылы өтелмеген төлемдер бойынша айыппұл және өсімпұл есептелмейді. Заемшыларға несиені не себепті төлемегені туралы растау құжаттарын тапсырудың қажеті жоқ. Тек 15 сәуірден кейін ЖССБ интернет-банкингінде өтініш беру жеткілікті. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қауіпті инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде азаматтарды карантин тәртібін сақтап, үйде отыруға шақырады. Сондай-ақ банк клиенттерге ыңғайлы болуы үшін қызметті қашықтан алуға мүмкіндік беретін каналдар жұмысын күшейтіп отыр. Бұдан бөлек жақын арада депозиттерді онлайн-ашу сервисін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол банк сайты арқылы жұмыс істейтін болады. Елде Төтенше жағдай енгізілгенге дейін бұл сервис пилот режимде сынақтан өткен болатын. Сонымен қатар қазір банктің интернет-банкинг, мобильді қосымша, WhatsApp және Telegram-каналдар, төлем терминалдары, 300 нөмірі бойынша пайдалаунға болатын IVR жүйесі секілді қашықтан қызмет көрсетуге арналған сервистері тәулік бойы істеп тұр. 

— Біз клиенттерімізді бағалай аламыз және оларға қамқорлық көрсетсек дейміз. Коронавирустың таралуына байланысты көптеген қазақстандық отбасының күрделі жағдайға ұшырағанын білеміз, сондықтан әр заемшыға қолдау білдіру туралы шешім қабылдадық. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қаржылық қиындық көріп отырған клиенттерге 90 күн мерзімге несие төлемін шегеру мүмкіндігі беріледі. Ол үшін дәл қазір өтініш жазу, банкке келудің қажеті жоқ. Өтініш 15 сәуірден бастап ЖССБ24 интернет-банкингінде қабылданады. Бұл қадам клиенттерімізге қиындықтан өтіп, жақын арада қалыпты өмірге оралуларына көмектеседі деп үміттенеміз.

азақстандықтардың болашағын ойластырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болуды жоспарлайтынын банк көрсеткіштері байқатады, — деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. 
2020 жылдың 1 тоқсанында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары депозиттеріне 125 млрд теңге жинады. Жалпы алғанда, жыл басынан бері 93 508 жинақ шоты ашылған. Депозиттерге деген мұндай үлкен сұраныстың себебі – теңгелей берілетін және үстемақысы бекітіліп қойған несиенің қолжетімдігі. Депозиттеріне бастапқы жарнаға деп ақша жинаған банк клиенттері үй сатып алу үшін жылдық үстемақысы 2-8,5% аралығындағы несие рәсімдей ала алады. 

Жыл басынан бері мұндай мүмкіндікті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 7 592 клиенті пайдаланған. Қазіргі уақытта ТҚЖБ несие қоржыны 1, 034 триллион теңгені құрайды. Ал мерзімі бітпеген заем саны 160 000-ды құрап отыр. Жыл басында қойылған жоспарлы көрсеткіштердің бәрін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 100%-ға орындады. Сондай-ақ банк заемшыларының несие шарттарын, тәртібін сақтай алатындығын атап өту керек. Мұны NPL деңгейінің төмендігінен (уақтылы өтелмеген, төлеу мерзіміні кешіктірілгеніне 90 күннен асқан) көруге болады. Қазір бұл көрсеткіш 0,18%-ды құрап отыр, ал ел банктеріндегі орта NPL 8%-ға тең. 

Осы жылы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыратын болады. Жобаның бірінші кезеңі нәтижелері бойынша 4 955 отбасы баспаналы болған еді. Бұдан бөлек 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланғанға дейін банк жаңа 710 өтінішті қабылдап, мақұлдап үлгерді. Несие өтініштерін қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірінен кейін жалғасатын болады. 

«Әскери өнім» аясында банк жыл басынан бері 71 заем берді, бұдан бөлек 75 несие мақұлданып, олар бойынша әскери қызметкерлер үй іздестіріп жатыр. 129 өтініш қарастырылу үстінде. 

Қазір 1,5 миллионнан астам қазақстандық азамат баспаналы боламын деп Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақша жинауда. Олардың шотындағы жалпы сома көлемі 860,6 млрд теңгені құрайды. 
 

stan.kz