Тұрғымбаев полицейлер баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Министрдің айтуынша, бүгінде баспананы жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлер саны көбейген

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғаушылар баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде баспананы жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлер саны көбейген. Бұған дейін ол ақша шұғыл тергеу құрылымдарына берілсе, қазірде олардың қатарына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция мен кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандар еніп отыр.

«Осылайша, бізде үйді жалға алу үшін берілетін өтемақыны баспанаға зәру қызметкерлердің 46 проценті алып жатыр. Олардың жалпы саны – 15 мың адам. Енді, тағы шамамен 17 мың адам бар. Себебі ішкі істер саласында 32 мың қызметкер баспанаға зәру. Негізі, осы қолдау шаралары полицияның жұмысына оң әсер етті», – деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта өтемақы беру жүйесін тұрғын үй жинаққа ауыстыру жоспарланып отыр. Соның арқасында тәртіп сақшылары баспананы өз атына аудара алады.   

«Қазіргі кезде біз тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Оған сәйкес, баспананы жалға алғаны үшін берілетін өтемақылар тұрғын үй жинақтарына ауыстырылады. Ондай жүйе қорғаныс министрлігінде бар. Осыны іске асырсақ, біздің қызметкерлеріміз баспананы сатып алып, оның заңды иесі бола алады», – деп атап көрсетті Ерлан Тұрғымбаев.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз