Түрген, Табаған, Бутаковка және Көкжайлауды дамытудың шеберлік-жоспары әзірленді — Ел жаңалықтары

0

Алматы агломерациясының тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның Master Concept компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады. Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады, оның ішінде Турген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең.

Master Concept компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірдің тау кластерінің туристік потенциалының өте жоғары екенін айтты. Шеберлік-жоспар аясында 470 шақырым соқпа және 85 шақырым велосипед жолдарын, 45 шақырым атпен жүру бағыттарын, 250 шақырым шаңғы трассаларын дамыту қарастырылған, бұл тарссалардың ағымдағы ұзындығынан 6 есе көп.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматы облысы әкімдігінің басшылығымен бірге көшпелі жиын өткізіп, өңірдің барлық тау локацияларын қарап шықты.

Алматы әкімі тау аумағында қожетімді спорттық-отбасылық курорт ұйымдастыру үшін «ЦСКА» тау шаңғысы базасын қаланың коммуналдық меншігіне беру жөнінде мәселені қарастыруды тапсырды.

Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек тау туризмін дамыту мақсатында «Пионер», Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау курорттарына дейін қала маңындағы елді мекендерде тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды. Жаңа автобус бағыттары аптасына үш рет (Жұма — Сенбі — Жексенбі) күндері 2-3 сағаттық интервалмен қатынайтын болады.

Айта кетерлігі, тау кластерін дамыту туралы шеберлік-жоспарын жасау жөніндегі меморандумға қол қоюға Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдікітері, Іле-Алатау ұлттық паркі, «Қазақ туризм» және Master Concept компаниялары қатысты. Шеберлік-жоспарының концепциясын талқылау тобына мемлекеттік органдардың, туризм саласындағы халықаралық компаниялардың, қоғамдық қорлардың, туристік ассоциациялардың, жоғары оқу орындарының, спорттық туризм федерациясының өкілдері енді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz