Турбуленттілік: Доха – Дублин бағытындағы ұшақтың 12 жолаушысы жарақат алды
Дохадан Ирландия астанасы Дублинге бағыт алған Qatar Airways ұшағының бортында Түркиядағы турбулентті қозғалыс кезінде 12 адам зардап шекті деген хабар тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл соңғы аптадағы екінші ауыр турбуленті жағдай болып тіркелді. Осыдан бірнеше күн бұрын Сингапурға ұшатын ұшақтағы жолаушылардың бірі (73 жастағы британдық азамат) ауа қалтасына құлап қаза тапты. Сонымен қатар 100-ден аса адам ауыр жарақат алған еді.
Дохадан Дублинге рейс кезінде Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының алты жолаушысы мен осыншама экипаж мүшелері әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды.
Оқиға бортсерік жолаушыларға тағам тарату кезінде болып, небәрі 20 секундқа созылған. Бұл туралы Дублин әуежайы хабарлады. Олардың айтуынша, әуе кемесі жерге өз уақытында қонған. Жарақат алған экипаж мүшелеріне жедел медициналық көмек көрсетілді. Әуе компаниясы оқиғаға қатысты зерттеу жүргізетінін мәлімдеді.
Еске салайық, ұшақ турбуленттікке тап болған кезде тек дірілдеп қана қоймайғанын, сонымен қатар санаулы секундта жүздеген метр биіктікке көтеріліп немесе төменге түсуі мүмкін екенін жаздық. Көбіне турбуленттік жоғары және төмен ауа ағындары бар бұлттарда болады. Сондай-ақ толқындық турбуленттік болады. Ол ауа ағындары тау сілемдерімен шағылысып, теңіз толқындарына ұқсас ауа толқындарынан пайда болуы мүмкін.