Тұрарбек Құсайынұлы: Биыл қажылық рәсімдеріңізді бір жылға шегере тұрып, қаржыларыңызды Украина сарбаздарының отбасыларына көмек-қолдау ретінде аударсаңыздар

0

Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынұлы желідегі парақшасында ерекше ұсыныс тастады.

«2-3 күннен кейін 4-мыңнан астам қазақтар Меккеге қажылыққа аттанады.

Қажылық биыл 7000-10000 доллардың шамасында екенін ескерсек, Саудия мемлекетінің бюджетіне қазақтардың өзінен кемінде 40 млн доллардай таза пайда-табыс түседі екен…

Осы орайда қазақстандық мұсылман қауымға қажылық пен күнделікті 5 уақыт намаздан да артық сауапты істі айтсам ба деп едім.

Ол мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда айтылған, яғни осы физикалық дүниеде бүлік (фитна) шығарып, жазықсыз адамдарды қырған залым тирандарға қарсы табанды қарсылық таныту боп табылады. (Бақара сүресі 217 аят, Мәйда сүресі,52 аят)

Ал дәл қазіргі уақытта әлемдегі зұлымдық пен бүліктің (фитна) шынайы иесі-қожайыны кім?!

Әрине, сөзсіз тып-тыныш жатқан бейбіт Украина мемлекетіне агрессиялық түрде соғыс ашып,қаншама жазықсыз адамға геноцид ұйымдастырған қанішер — ПУТИН..

Сондықтан да құрметті мұсылмандар биыл қажылық рәсімдеріңізді бір жылға шегере тұрып, сол ақша-қаражаттарыңызды өмірлерін қазақтың жарқын болашағы мен тәуелсіздігі үшін де жан-пида еткен мыңдаған Украина сарбаздарының отбасыларына көмек-қолдау ретінде аударсаңыздар, аталмыш іс-әрекет нағыз сауапты, яғни Алла жолындағы ізгі тірлік болар еді…», — дейді Тұрарбек Құсайынұлы.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді!