Тұран Университеті

0

«Тұран» университеті 1992 жылы Алматы қаласында құрылған ең алғашқы жеке меншік университет.

Тұран- жас түлектер үшін үлкен мүмкіндіктердің мекені. Университет студенттерге бакалавриаттың 28 білім беру бағдарламасы бойынша, магистратураның 18 бағдарламасы бойынша, докторантураның 6 бағдарламасы бойынша 4 факультетте: Экономика, Гуманитарлық-заң, «Сандық технологиялар және өнер» және STEM Ағылшын тіліндегі бағдарламалар факультетінде білім береді. Сонымен  қатар, журналистика факультеті де бар. Болашақ журналистердің сапалы білім алуы үшін де университет жақсы жағдай жасаған. Білікті мамандар, тәжірибе алуға үлкен мүмкіндіктер. Ең бастысы журналистер үшін Тұранның «TURAN CHANNEL» аталатын каналы да бар. Бұл жерде студенттер университеттің ютуб каналына видеороликтер жасай алады. Міне осындай және тағы да басқа жағдайлар студенттердің сапалы білім алуы үшін қарастырылған. Ал осы білімді толығымен, дұрыс пайдалана білу әр студенттің өзіне байланысты.

Сондай-ақ университетте студенттердің барынша қолайлы білім алуы үшін барлық қалыпты деген жағдайлар жасалған. Оқу ордасы студенттердің өздерін дамыта алуы үшін неше түрлі үйірмелерді де қарастырған. Соның бірі- ендігі бой көрсетіп келе жатқан «TEART» өнер ұйымы. Құрылғандарына көп уақыт өтпесе де, өнерге құштар студенттер, өз бойларындағы таланттарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып үлгерді.

Университетте мемлекеттік гранттан бөлек ректор гранты да қатар жүреді. Ректор гранты арқылы көптеген жас буындар осы Тұран университетіне қабылданып, білім ала алады.

Неліктен «ТҰРАН»? деген сауал пайда болуы мүмкін. Себебі Тұран- бұл жаңа орта, мүмкіндіктер, болашаққа сеніммен қарау, бақытты студенттік өмір және сапалы білім.

Тұран университеті құрылған уақыттан бері бір ғана ұстанымды ұстап келеді. Бұл- Баршаға арналған университет, білім ордасы. Яғни университет тек бір ғана тілді, ұлттың салтын ғана ұстанып қоймай, басқа ұлт өкілдеріне де есігін айқара ашады деген сөз.

Тұран университетін басқа университеттен ерекшелендіріп тұратын бір тұсы- университет қабырғасында өзіндік мейрамханасы мен музейі орналасқан. Бұл басқалар үшін өте қызық  әрі таңсық болып көрінуі мүмкін. Бірақ біздің университетімізді өзгелерінен ерекше етіп тұрғаны да осындай тұстары деп ойлаймын.

Тағы бір айта кететін жайт, Тұран әр жыл басында университет қабырғасына жаңадан қосылған жас бакалавриаттар үшін «Студенттерді қабылдау» кешін ұйымдастырады. Бұл жерде ән, би барлығы қатар жүреді десе де болады. Бұл бір жағынан жас түлектер үшін сергіту болса, екінші жағынан жаңа ортаны молынан танып білуге көмектеседі. Бұл университетте өтетін жалғыз ғана шара емес. Бір оқу жылында көпеген сәттер аталып өтіледі.

Университеттің құрылғанына 30 жылдан аса уақыт болса да, ол  байырғы күйін әлі де жоғалтпаған. Құрылысы жағынан да Тұран Қазақстандағы әдемі деген университеттердің қатарында.

Жоғарыда айтып өткендерімді қорытындылай келе және осы университеттің 3-ші курс студенті ретінде айтарым, Университет тек санға емес, сапаға да көп көңіл бөледі деп толыққанды айта аламын. Университет қабырғасында тек білім алған сәттеріміз ғана емес, сонымен қатар бақытты студенттік өміріміз қалады деп сенемін. Сондай-ақ университет студенттерінің сапалы әрі қолайлы білім алып, болашақта әрқайсысы өздерінің орнын табуы үшін көп септігін тигізеді.