“Тұқым негізі қыздан тарайды” — Жанар Айжанова немере мен жиен ұғымы туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

0

Әнші әрі актриса Жанар Айжанова журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында «қыздан туған бала немере болмайды» деген түсінікке қатысты пікір білдірді. Ол қазақ қоғамындағы «жиен» және «немере» ұғымдарына қатысты өз көзқарасын айтып, қыз баладан тараған ұрпақтың да ата жұртымен тең дәрежеде байланыста болуы керектігін атап өтті.

«Қыздан туған бала немере емес дейді. Ол қалай сонда? Қыздан туған бала немере болмайды дегенге келіспеймін. Немеренің екі атасы, екі әжесі болады: нағашы атасы мен нағашы әжесі және өз атасы мен әжесі. Қалған нағашыларына жиен болады. Бірақ тұқым негізі қыздан тарайды. Ол өзінің туған атасы мен әжесімен қатарласып, құрдасындай ойнап өсуі керек. Ал нағашы атасы мен әжесімен олай еркін ойнай алмайды», – деді ол.