Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қалай боқтап жібергенін айтты
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қамауда отқан мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған қақтығысы қалай басталғанын туралы сөз қозғады.
Бұл туралы әртіс журналист Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
– Ол ректор. Мен актерлар қабылдайтын курстың жетекшісімін. 4 жылда бір рет қабылдаймын. Актерлар өте көп келеді. Бір орынға 30-40 болады. Қыздардан 6-7 аламыз. Ұлдардан 10-15 аламыз. Сол ректор (Сол кездегі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы) кезінде ақша төлеп оқитындардың қосты да, қаптатып жіберді. 30-40 адамдарда бар. Оны актерлік шеберлікке оқыту мүмкін емес.
Сол кездегі декан Асхат Маемиров маған тізім берді: «Мына балаларды аласын» деп. Үкіметтін беретін гранты 12 адам. Ол 11 адамның тізімін, «бастық айтты» деп әкеліп отыр. Мен «Қызықсындар!? Мен вилиончель оқытып отқан жоқпын. Жарайды, ректор екен. Біреу алайын. Екеу алайын тіпті. Үлкен адамнан үлкен жағын сұраған шығар. Атақты сыйлы адамдар. Көрейін, оларды дайындайын. Содан кейін көрейін. Бәрін ала алмаймын» дедім. «Өзіңіз біліңіз» деп кетіп қалды.
Сонымен емтихан басталды. Емтиханда сол келді Маемиров. «Ұнаса, оны тізімге қарамай аламын. Болмаса, ренжімесін» дедім. Бір-екі ұл баласы мен бір қыз баланы дайындадым. Қазір балалар пысыққой. Біліп отырғой. Кімге қай көзбен қарап отқанымызды. Кімнің қандай байланысы біліп қояды олар. Ал менің атым жайылған, ешкім хабарласпайды маған. Академияда қарсы ешкім шықпайды. Біледі. Менің ешкімді тыңдамайтынын, – деді халық әртісі.
Сонымен қатар, Жаманқұлов Мұхамедиұлын қалай боқтап жібергенін айтты.
– Сонымен емтихан түнгі 12-ге дейін болды. Қайтып келе жаттық. Сол кезде маған ректор хабарласты. «Сен неге менің айтқанымды орындамайсын?». Сол кезде «Ареке, мен уәде бергенде 2 адамынды алдым. Әрі қарай мүмкіндік болмады. Тізіміндегі балалар онша болмады. Ұят болады. Ертең жүрттың бетіне қалай қараймыз?» дедім. Ол тыңдамады. «Мен сені құртам. Мен сені ертең шығарып жіберем. Сен кімсін сонша?» деді. Сонда мен «Сен деп сөйлейсін, біріншіден. Екіншіден, мен сенің басыбайлылық құлыңмын ба? Мен Тұңғышбай Жаманқұлов деген ағанмын, Қазақстанның халық әртісімін, профессормын. Бұл балалардың тағдырына жауап беремін. Сен дікіндемей, сөз тыңдасайшы» дедім. Қоймайды. Сонда телефон арқылы «кетші бар на ***» айтып жібердім, – деді Жаманқұлов.
Сол кезде әртістің қасында телефон арқылы сөйлескенін естіп, жұбайы жылап қалғанын, ректорға түсіндіруін сұрады. Келесі күні Жаманқұлов академияға келді. Халық артісінің айтуынша, академия алдында құзырғы орган қызметкерлері тұрды. Ешкімді кіргізбейді. Ректор жоқ. БІр уақытта келді. Жағдайды айқындау үшін Арыстанбек Мұхамедиұлына соққанын айтты.
– «Ареке, кешегі жайында түсінісейік. Мен кірейін деп едім. Мыналарын кіргізбей тұр мені. Айт. Бірге кірейік кабинетке, түсінісейік» дедім. Маған бір қарады. Аналарға бір қарады да: «Мынаны кіргізбендер!» деді. Тағы боқтадым… Шымкент ше. Сосын кетіп қалдым, – деп түйіндеді халық әртісі.