Тұңғыш Президент күніне арналған кітап және фото көрме ашылды

0
30 Қараша 2018, 17:27 335 0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, Baq.kz тілшісі. Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесі мен «Ұлт тірегі — Елбасы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге кітапхана қорындағы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

«Тұңғыш Президент күнінің мән-мағынасы өте терең. Өйткені бұл елдің егемендік алғаннан бері Елбасының еңбегіне арналған мереке. Бүгін көріп отырғандарыңыздай екі көрме ұйымдастырылып отыр: кітап және фотолар көрмесі. Кітап көрмесінде Елбасына қатысты, іс-қимылдарына, белсенділігіне арналған кітаптар қойылған. Ал фотокөрмеде Елбасының Тәуелсіздік алғаннан бері басқа елдерге барған сапарынан, қазақстандағы іс-шаруасы туралы фотолар көрсетілген», дейді Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Ғазиз Телебаев.

«Еліміздің егемендік алғанына 27 жыл толып отыр. Осы жыл ішінде қанша шара өтті. Қазақстан осы жылдар ішінде мемлекеттігін қалыптастырып, тиянақтап, нығайтып алды», деп атап өтті филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов.

Фотокөрмеге «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Игорь Бургандиновтың, «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мурзановтың, «Литер» газетінің фототілшісі Советбек Мағзумовтың, «Деловой Казахстан» газетінің фототілшісі Талғат Галимовтың және «Sultan magazine» журналының фототілшісі Марат Амировтың материалдары қойылды.

«Қазақ журналистикасының тарихында жарты ғасырдай осы салада қызмет атқарғандардың бірімін. Алғаш рет Елбасыны 1980 жылы 29 тамызда Алматы әуежайында түсірдім. Содан бері Президентпен өткен түрлі шараларда Елбасыны суретке түсіріп келемін. Бүгінгі көрмеге бірнеше жұмыстарым қойылды» дейді «Литер» газетінің фототілшісі Советбек Мағзумов.

Фото, Видео: Нұржас ЖАҚСЫБАЙ


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ