Түнде жиі дәретханаға бару аурудың белгісі болып шықты — Қазақстан жаңалықтары
Түнгі ұйқының дәрет қысқаны үшін жиі бұзылуы тұзды көп тұтынумен немесе артериялық қан қысымының жоғары болуымен байланысты. Бұл туралы JCS 2019 конференциясында жапониялық кардиологтар мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
«Біз анықтағандай, егер сізде никутрия дамыса, демек қан қысымының жоғарылығынан немесе организмде сұйықтықтың шамадан тыс көп болуынан зардап шегесіз. Егер бұл қиындық жоғалмаса, дәрігерге жүгініп, қан қысымын тексерту керек. Сонымен қатар тұтынылатын тұздың мөлшері өлшенуі тиіс», — дейді дәрігер Сатоси Конно.
Маманның сөзінше, «тіпті, түнде бір рет дәретханаға бару қан қысымының жоғарылау қатерін шамамен 40 пайызға арттырады». Ал адам дәретханаға қаншалықты жиі барса, жүрек және қан тамырларға қатысты қиындықтар пайда болу мүмкіндігі соншалықты артады, дейді дәрігер.
Конно дәретханаға жиі бару мен жүрек ауруларының арасындағы себеп-салдарлы байланысты атауға қиналды.
Ғалымдардың зерттеуіне 3749 адам қатысқан. 2017 жылғы ахуал бойынша, олардың 1882-сі никутрия байқалған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz