Түнде тамақ жеймін деп тоңазытқышты ашқан ер адам көз жұмды

0
83

Мәскеу тұрғыны түнде үйіндегі тоңазытқыштың астында қалып көз жұмды.

Оқиға Мәскеудегі Жулебино ауданында орын алған. Ер адамның үстіне тоңазытқыш құлап кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мәскеулік «112» қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын түнде тамақ жемек болған. Алайда ер адам тоңазытқыштың есігін ашқан бойда ол үстіне құлап кетіпті. Ауыр тұрмыстық техниканың астында қалған ер адам сол жерде тіл тартпай кеткен.

stan.kz