Түнде Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

0

Полицейлер төбелеске қатысқандарды ұстады. Олар қарсыластарын қолына түскен заттармен соққыға жыққан

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматыдағы Әуезов ауданындағы полиция бөлімінің қызметкерлері екі адамды ұстады.

Kris_p_almaty–ның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаның түнгі 1:30-2:30 шамасында болғаны жазылған. Төбелес Момышұлы көшесінің бойында болған. Оқиға маңынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі төбелесті видеоға түсіріп алған.

Қалалық полиция оқиғаның Әуезов ауданындағы дәмханалардың бірінде болғанын растады.

«1998 жылы туған екі күдікті ұсталды. Олар Әуезов ауданы полиция басқармасына жеткізілді», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен жігітті дәрігерлер қарады. Бұдан соң ол үйіне жіберілді.

Ал күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес («Бұзақылық»)сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл әрекеті үшін жігіттер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.