Түнде Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды

0

Жетісу облысындағы Алакөл көлі маңында түнде жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық деректер орталығы ГЗИ ҰЯО жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 23:24-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 3,7 болды.