Тұмсығы маймылға ұқсас лақ ауыл тұрғындарын шошытты

0
4307

Мысырдағы Асют губернаторының әл-Хидая ауылында тұмсығы маймылға ұқсас лақ туды. Ерекше жаратылыс жергілікті тұрғындарды шошытты.

Жануардың иесі ешкісі осындай таңғажайып лақты туғанда аң-таң қалғанын жасырмайды. Десе де мутант туғаннан екі күн өткен соң өліп қалған.

Ерекше лақтың суреттері әлеуметтік желілерде тез таралып кетті. Кейбір желі оқырмандары жануардың сұрықсыз бейнесі – екі түрлі жануарларды жақындастыру нәтижесі деп мәлімдеді.

Каир университетінің Ветеринарлық медицина факультетінің деканы Иман Бакр туа біткен ақау ата-аналық гендермен немесе ешкі буаз кезінде токсиндердің әсерінен туындауы мүмкін дейді.