Тұмауға қарсы вакцина коронавирустан көмектесе ме? — Қазақстан жаңалықтары

0

Маусымдық тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар COVID-19-ды жақсырақ қабылдайды немесе жеңіл аурумен ауырады деген ақпаратты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Екпе салған: Шымкентте көз жұмған полицейдің өлімі үшін айыпталған дәрігер екі жылға шартты түрде сотталды

ДДСҰ-ның ресми өкілі Тарик Язаревичтің айтуынша, бұл фактінің сенімділігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ.

Бұған дейін Қытайдың денсаулық сақтау өкілі жапондық тұмауға қарсы дәрі-дәрмек «Фавипиравир» жаңа коронавирус тудырған пневмонияны емдеуде тиімді екендігі туралы айтқан болатын.

Коронавирустың жаңа түрі COVID-19-дың өршуі 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. 11 наурызда ДДҰ COVID-19 пандемиясымен жаңа коронавирус инфекциясы туралы хабарлады. Хабарламаларға сәйкес, қазірдің өзінде әлемде 234 мыңнан астам адам жұқтырған, 10 мыңға жуығы қайтыс болған.
 

 

stan.kz