Тұмауға қарсы препарат коронавирус жұқтырғандарға тезірек емделуге көмектесті — Қазақстан жаңалықтары

0

«Фавипиравир» препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімділігін көрсетті. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Қытай денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, препаратты қабылдаған науқастар тезірек жазылған, өкпелері қалпына келу ықтималдығы жоғары болды.

Шэньчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирус жұқтырған 80 науқастың 35-і препаратты қабылдаған. Төрт күннен кейін коронавирусқа тестілер теріс болып шықты, ал бұл уақытта қалғандары орта есеппен 11 күннен кейін ғана жазылды. Тағы бір ұқсас зерттеу Ухань ауруханасында жүргізілді.

«Авиган» деп танылған «Фавипиравирді» тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапондық корпорациясы әзірлеген. Ол, сондай-ақ, эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препаратқа жағымсыз реакциялар 2014 жылы Жапонияда сатылуы мақұлданған кезден бастап тіркелмеген.

stan.kz