Тұман, жел, көктайғақ. Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады — Ел жаңалықтары

0

Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, ертең республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, тек батыс, оңтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел  күтіледі.

«Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады», — деп ескертті синоптиктер.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.