Тұман, көктайғақ, жел: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең еліміздің кей жерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
Атап айтқанда қарашаның алғашқы күні Алматы, Жамбыл, Ақмола, Павлодар облыстары мен еліміздің батыс және шығыс өңірлерінде тұман сақталады.
Дегенмен күн жауын-шашынсыз болады, тек солтүстікте аймақтарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Жамбыл, Қызылорда облыстарында жел күшейеді.