«Тұлпар-Тальгода жолаушыны зорлаған» екі жолсерік бес жылға сотталды

0
35

25 желтоқсанда Қостанай қаласында сот «Тұлпар-Тальго пойызында жолаушыны зорлады» деп айыпталған екі жолсерікті бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Костанайские новости» сайты хабарлады.

Шілдеде Қостанай облыстық сотының судьясы Оразбай Сатыбалды Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовты екі жарым жылға соттаған. Судья шешім шығарғанда жолсеріктер әйелді топтап зорламағанын, бұрын сотталмағанын ескергенін айтқан. Сотта прокурор оларды алты жылға соттауды сұраған еді. Кейін қоғамда сот шешіміне наразылық күшейіп, елдің көлік прокуратурасы мен жәбірленуші сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

Тамызда Қостанай облыстық соты үкімді жойып, істі қайта тергеуге жіберген.

Tengrinews сайтының жазуынша, жолсеріктердің жазасы алғашқы үкім шыққаннан бастап, яғни 26 шілдеден есептеледі.

Осы оқиғадан кейін елде әйел зорлағандарға жазаны қатайту туралы талаптар күшейді. Жұрт «Қазақстан темір жолы» компаниясынан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де талап қылды.

Қарашада билік зорлау қылмысына жазаны қатайтуды ұсынды. Қазір елде зорлау бабы орташа қылмысқа жатқызылады және екі тараптың татуласуға мүмкіндігі бар.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз