«Тұлпар-Тальго» жолсеріктері жолаушы әйелді зорлаған: полиция қылмыстық іс қозғады

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

272 0 0

Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдіктілердің туыстары жәбірленуші әйелдің соңына түскен

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Астанадан Ақтөбеге бара жатқан «Тұлпар-Тальго» пойызының екі жолсерігіне қатысты әйелді жабылып зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Ақтөбе қаласының көліктік прокуратурасы Sputnik Қазақстанға.

Зорлықшылардың туыстары жәбірленушінің ізіне түсті

«НеМолчиKZ» зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) айтқандай, жолсеріктердің бірінің жақын туысы зорлық құрбанының соңына түскен.

«Бірінші жолы түнде келіп, есігін қағыпты. Жәбірленуші полиция шақырмай, әйел адаммен өзі сөйлесуге шешім қабылдаған. Күдіктілер абақтыға түскен соң туысы тағы келеді, бірақ бұл жолы жалғыз емес. Олар оның жігітін қоршап алып, ал әлгі әйел подъезге кіреберісте жолды бөгеп тұрып алған», — деп хабарлады қоғам белсендісі.

Жәбірленушілердің көршілерінің сөзіне сүйенсек, бұл адамдар әйел жайында сұрастырып білуге тырысқан.

Пойызда әйел зорлау

Оқиға туралы 2018 жылдың қарашасында белгілі болды. Жәбірленуші жүрдек пойызбен ғылыми конференциядан қайтып келе жатып, ішінен құлыптаулы купеде ұйықтап кетеді. Жолсерік қызметтік кілтпен есікті ашып, купеге кіреді. Ол ұйықтап жатқан әйелді бас салып, зорлаған.

Содан соң есеңгіреп жатқан жәбірленушіні екінші жолсерік келіп зорлайды.

Пойыз жолсеріктеріне әйел зорлады деген айып тағылды

Жантүршігерлік жағдайға тап болған әйел әуелі «НеМолчиKZ» қоғамдық қорынан көмек сұрап, кейін полицияға арыз берген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/