Түлектер кешін мейрамханада ұйымдастыру отбасына салмақ салады

0

Қазақстан білім және ғылым министрлігі оқушылар мен ата-аналарға түлектердің бітіру кешін қымбат кафе, мейрамханаларда емес, мектепте ұйымдастыруды ұсынды.

Білім министрлігі «11 сыныптардың мектеп бітіру шарасы отбасы бюджетіне салмақ салады. Сондықтан кешті мектеп қабырғасында ұйымдастырып, ақша үнемдеуге болады» деп санайды.

«Мектеп бітіру кеші қымбат әрі сән-салтанатқа толы кеш болмауы керек. Кештің мақсаты — сәнді киім киіп, мол дастархан жаю емес, есте қаларлық мектепішілік жиын өткізу» деді министрлік мәлімдемесінде.

Қазақстанда жылда 11 сынып бітірген түлектер мектеп бітіру кешін ұйымдастырады. Ата-аналар бұл мейрамға бола киім-кешек алу мен мейрамхана жалдауға қыруар ақша жұмсайды. Бұған дейін де білім және ғылым министрлігі ата-аналар мен оқушыларды мектеп бітіру кешін ұйымдастырмауға шақырған.

Azattyq