«Түкіргенім бар»: Елеусіновті жеңген боксшы пікір білдірді

0

Ирландиялық боксшы бүгін қазақстандық Дәурен Елеусіновті техникалық нокаутпен жеңді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бірінші орта салмақтағы Ирландия боксшысы Каллум Уолш (10-0, 8 KO) Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дәурен Елеусіновті (11-4-1, 10 KO) уақытынан бұрын жеңгеннен кейін пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

16 наурызда Madison Square Garden аренасында Уолш Елеусіновті техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBC Continental Americas белбеуі сарапқа салынды.

Жекпе-жектен кейін Каллумнан осы жеңістің арқасында WBC рейтингінің ТОП-10-дығына кіретіні туралы пікірін сұрады. «Патша» лақап атымен танымал боксшы қазір 14-орында тұр.

«Түкіргенім бар. Маған жекпе-жекке шығуға көбірек мүмкіндік беріңіздер. Көбірек жекпе-жек, көбірек қарсылас. Мен шаршы алаңға шығып, Ирландия халқына шоу жасаймын. Ол менің қолымнан ылғи да келеді. Сонымен келесі кім?!» — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Каллум Уолш Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істеген танымал промоутер Том Леффлермен жұмыс істейді.