«Түк түсінбей, таңғалдық»: 50 жасында сәбилі болған Баян Мақсатқызының құдағиы ерекше құттықтады
Үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызының құдағиы, онколог-дәрігер Диляра Хайдарова қуанышты жаңалықты қалай қабылдағанын айтып берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
50 жасында сәби сүйген продюсердің жаңалығы әлі күнге дейін ел аузында талқыланып жатыр.
“Бүгін менің құдағиым, Диляра Радикқызы жас ата-ана атанған құдаларын құттықтап келді. Ал кеше бұл кісінің ұлы, менің күйеу балам перзентханадан шығарып алды. Айта кетейін, енесін перзентханадан шығарып алу кез келген күйеу баланың маңдайына жазыла бермейді. Бұл деген – бақыт”, – деп күлді продюсер.
Одан кейін дәрігер құдағиы жаңалыққа қандай реакция білдіргенін жасырмады.
“Құдағиымның ана атанғаны ел үшін күтпеген оқиға болып жатыр ғой. Біз де естігенде қатты таңғалдық. Сіздер үшін қуаныштымыз. Басында түк түсінбей, таңғалдық. Сосын артынан қуандық. Немерелерім Сафия мен Сәттінің енді өзінен кішкентай нағашы әпкесі бар. Қызымызға бренд бас киім мен қыста киетін күртеше әкелдік”, – деді Баянның құдағиы.
Сонымен қатар жас әке Тұрсен Алагөзов қызының есіміне қатысты да мәлімет айтты.
“Мен бәрімен Bonjour деп амандасып жүрмін. Өйткені “Алиса” сөзі француз тілінен алынған”, – деді кәсіпкер.
Еске салайық, продюсер перзентханадан шыға сала, түсірілім алаңына келгенін жазған едік.