Түймебаев пен Ақышев жаңа қызметке тағайындалды

0

Түркістан облысының экс-әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Данияр Ақышев енді Қазақстан президенті кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

25 ақпанда Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағалығынан босатылған. Оның орнына Ерболат Досаев тағайындалған. Ал Жансейіт Түймебаевтың орнына бұрын ауыл шаруашылығы министрі болған Өмірзақ Шөкеев барған.

Қазақстан халықтар ассамблеясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін ұйым. Парламент мәжілісінде Ассамблеяға тоғыз орын бөлінген. Ассамблеяның төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті 25 ақпанда Қазақстанның жаңа үкіметін тағайындаған.

Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз