Түйенің зәрі емге дәрі ме? — Қазақстан жаңалықтары

0

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Алайда, дала желмаясының біз білмейтін тағы да бір ерекшелігі бар. Ол –  зәрі. Алматы қаласының тұрғыны ойсылқара тұқымының дәретімен талай жанды дертінен жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.  

Түйенің зәрі емге дәрі ме?

Алматы облысында орналасқан түйе фермасының қожайыны Өтеміс Мақанұлы желмаялардың сүтімен ғана емес, зәрімен де адам емдеумен айналысады. Өтеміс атаның қазіргі уақытта түйе зәрімен емдейтін жеке ауруханасы да бар. Осы уақыт аралығында бірнеше адамдар дертінен айғып кеткен көрінеді. 

Шаруақожалығының басшысы Өтеміс Мақанұлының қарамағында 200-ден астам ойсылқара бар. Олардың 40-тан астамы сауынға байланса, 60-қа тарта өркешті жануар зәр алу үшін екен.

«Менің көзімді ауырған адамдар ашты. Мен ашқан жоқпын.  Оларға рақмет айтамын. Былай айтқанда, мен елдің сауабын алып отырмын. Он рет өлшеп, бір рет кестім. Түйенің зәрімен емдеуге асығыс келген жоқпын. Әбден көзімді жеткіздім. Бірнеше ауырып келген адамды аяғынан тұрғызып жібердім»,- дейді қария зәрдің пайдасы көп екенін айтып.

Түйенің зәрі емге дәрі ме?

Бір қызығы Өтеміс атаның ауруханасында арнайы мейірбикелік қызметті өзінің жолдасы Мәриям көрсетеді екен. Кәсіби маманның өзі осы түйе зәрімен құлан таза айыққанын айтып отыр.

«Қазір ағаңызбен бірге емханадамын. Өрікгүл деген әйел  төсінен рак еді. Бізге келіп жазылды. Содан кейін Марат деген кісінің денесінің бәрі сап-сары  болып кеткен екен. Бізге әкеп жатқызған соң, 45 күннің ішінде құлан таза жазылып кетті»,-дейді емшінің жұбайы Мәриям.

Жалпы түйе зәрімен емдеу араб елдерінде дамыған екен. Желмаяның зәріне зерттеу жүргізген мамандар ауруға қарсы антибиотиктің барын анықтаған.

Түйенің зәрі емге дәрі ме?

Түйе зәрің алудың жалғыз жолы бар. Ол үшін таңғы 5-те түйелерді бір-бірден тұрғызып, тосып алу керек. Әр түйе 1-1,5 литр зәр беретін көрінеді. Келген науқастарға қатаң тексеру де жүргізілетін көрінеді.

«Алдымен науқастың медициналық картасын сұраймыз. Ол қағазсыз болмайды. Мүмкін ол жұқпалы ауру шығар»,- дейді сақтық шараларын мұқият жүргізіп барып емдеуге кірісетін Өтеміс ата.

Қазіргі медицинаның халық еміне жұлдызы қарсы. Пікірі қайшы. Бұл мәселеде көпшіліктің ойы да екіге жарылған. 

stan.kz