Нұрсұлтан Назарбаев: туған жері, отбасы, еңбек жолы

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні 6 шілдеде. Назарбаевтың толық өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Қазақ ССР-ның Алма-Ата облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында (қазір Қазақстан Республикасының Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы) дүниеге келді.

1967 жылы Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО-ны бітірді.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеді. 1969-1979 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсмолдық қызметте болды және Қарағанды облыстық партия комитетінде еңбек етті.

1979-1984 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті хатшысы болды.

1984-1989 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

1989-1991 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпан-сәуір айларында Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы қызметін қатар атқарды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлау өтіп,  Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауына ие болды.

1995 жылы 29 сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін созылды.

1999 жылдың 10 қаңтарындағы сайлау барысында Назарбаев сайлаушылардың 80% дауысын иеленіп, Қазақстан Республикасы президенті болып сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 91,15% дауысымен Қазақстан президенті болып сайланды.

2011 жылдың 3 сәуірінде кезектен тыс сайлау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысына ие болып, төртінші рет Қазақстан президенті болып сайланды.

2015 жылдың 26 сәуірінде соңғы кезектен тыс президенттік сайлауда Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысымен тағы да жеңіске жетті. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, «Елбасы» мәртебесінің иегері, ҚР Қарулы күштерінің Жоғары бас қолбасшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық қоры басқару кеңесінің төрағасы, Қазақстан халықтарының ассаиблеясының төрағасы, Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының төрағасы, ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің төрағасы, Назарбаев Университеті Жоғарғы қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Құрметті профессор және бірқатар шетелдік және отандық университеттің құрметті докторы.

Көптеген кітап пен ғылыми мақала авторы. Көптеген кеңестік, қазақстандық және шетелдік орден-медальдермен марапатталған. Үйленген. Жары — Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпанынан бері «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін салушысы және президенті. 1994 жылдың шілдесінен бері Қазақстанның бірінші ханымы «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорының президенті қызметін атқарады.

Қазақстан президенті – үш қыздың әкесі.

Үлкен қызы — Дариға Назарбаева (1963 жылы туған). Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан парламенті сенатының депутаты, сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы.

Ортаншы қызы – Динара Құлыбаева (1967 жылы туған). 2004 жылдан бері Қазақ-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесі төрайымы. Forbes Қазақстанның ең бай адамдары қатарына кіреді.

Кенже қызы – Әлия Назарбаева (1980 жылы туған). Құрылыс компаниясының басшысы.



sputniknews.kz