Туған күнінде бағын сынаған жас жігіт әп-сәтте миллионер атанды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

106 0 0

Жас жігіт туған күнінде өзіне күтпеген сыйлық жасады

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың Харримен қаласы тұрғыны туған күнін атап өтіп жатып, миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды UPI.

Дезинсектор Девон Браун (Devon Brown) туған күнінің құрметіне лотерея билетін сатып алады. Бағын сынап көргісі келген жігіт жеті саннан құралған соманың иегері атанған.

«Билетке жүз рет қарадым, — дейді Девон. — Көз алдыма елестеп тұрғандай көрінді». Ол түні бойы ұйықтай алмай, келесі күні таңертең әкесі және немере ағасымен бірге лотереяның штаб-пәтеріне барады.

Басына түскен байлыққа қарамастан Браун зиянкестерге қарсы күреспен айналысатын компаниядағы жұмысын тастағысы келмейді. Ұтысты тиімді жолмен еселеп алуды көздеп отыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/