туған күндер, тарихи оқиғалар, ай күнтізбесі

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 181-ші күн, жыл соңына дейін 184 күн бар

30 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

30 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық астероид күні. 1908 жылы дәл осы күні Жермен Тунгус метеориті соқтығысқан болатын, бұл адамзат тарихындағы ең үлкен астероид апатына алып келді. 2016 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 30 маусымды Халықаралық астероид күні ретінде бекітті.. Бұл күн астероидпен соқтығысудың қаупі және осындай жағдай туындаған кезде қолға алынатын іс-шаралар туралы адамдарды құлағдар етуді көздейді.

Астероид күнін белгілеу бастамасын көтергендер — режиссер Григ Рихтерс, B612 қорының атқарушы директоры Даника Реми, НАСА астронавты Рассел Швайкарт және астрофизик, Queen тобының гитаристі Брайан Мэй.

АҚШ-та бүгін ұлттық «Май Тай» коктейлі күні аталып өтеді. Сусынның авторы – АҚШ-тың Калифорния шатындағы «Polynesian-style» мейрамхана желісінің жетекшісі Виктор Бержерон. 40 жылдары өз коктейлі туралы мәлім еткен Бердероннан басқа Дон Бич те бұл құқыққа таласты. Оның айтуынша, бұл коктейлді ол Голливудта 30 жылдары ойлап тапқан. Бич «Май Тай» атауын бірінші пайдалануы мүмкін, бірақ нақ Бержеронның сусыны өте танымал болды.

30 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1894 жылы Лондонда әйгілі Тауэр көпірі ашылды;

1936 жылы Маргарет Митчеллдің «Унесенные ветром» романының алғашқы таралымы басылып шықты;

1964 жылы жақын қашықтықтан Айдың алғашқы суреттері жасалды;

1997 жылы Ұлыбританияда Гарри Потер туралы алғашқы кітап жарық көрді.

30 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1954 жылы КСРО министрлер кеңесі Соколов-Сарыбай тау-кен байыту кәсіпорнының құрылысын бастау туралы шешім қабылдады;

1998 жылы Қазақстан президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды;

2007 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Халықтар достығы монументі ашылды;

2009 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайы және «Қазақ елі» монументі орналасқан Манас көшесінің аты Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.

30 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1947 жылы әйгілі хоккейші, екі дүркін Олимпиада чемпионы және тоғыз дүркін әлем чемпионы Владимир Петров дүниеге келді;

1960 жылы ресейлік музыкант, әнші, «Нате» тобының мүшесі Святослав дүниеге келді;

1966 жылы америкалық кәсіпқой боксшы, әлемдік бокс тарихындағы ең танымал боксшылардың бірі Майк Тайсон дүниеге келді.

30 маусымда Қазақстанда кім туды

1949 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Алаш» сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы дүниеге келді;

1954 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Әзімов дүниеге келді;

1975 жылы танымал суретші-мүсінші Саид Айнеков дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін керемет күн, не істесеңіз де, тек жақсы нәтиже беретін болады. Жұмыс ауыстырамын, тіпті басқа жаққа көшемін десеңіз де өз еркіңіз.



sputniknews.kz