Туған күн тортындағы балауызды үрлегенде тілек тілеу қайдан шықты?

0
25

Туған күн – адамдар асыға күтетін, жылына бір рет қана болатын жеке мейрам. Туған күн тойлау қайдан шықты? Ол қалай дәстүрге айналып кетті? Дәл осы сұрақтар сізді де мазалайтын шығар.

Неміс философы, мәдениеттанушы Штефан Хайденрайх «Туған күн. Өзімізді құрметтеу қалай пайда болды» («Geburtstag. Wie es kommt, dass wir uns selbst feiern») атты кітап жазды. Мұнда автор Еуропаның осы тақырыпқа қатысты тарихын зерттейді. Кітап Мюнхеннің «Hanser» баспасынан шықты.

Философтың дерегінше, туған күн тойлау дәстүрі Ежелгі Римде болған. Алайда ол кезеңде адамдардың туған күні тойланған жоқ. Римдіктер де Ежелгі гректер секілді өздерінің емес, Құдайларының туған күнін тойлады. Біраз уақыттан кейін адамдар да туған күндерін атап өтуді бастады. Барлығы емес, ауқатты, туған күні туралы деректі білетін адамдар ғана бұл мейрамды атап өтті. Ол кешке қонақтар келіп, ән айтылып, өлең оқылып, туған күн иесіне сыйлықтар табысталды.

Балауызды үрлеп, тілек тілеу қайдан шықты?

Жоғарыда айтып өттік, торттың бетіндегі балауызды үрлеу, ең алдымен, Ежелгі гректерде пайда болды. Артемидаға табынатын адамдар оның туған күнінде ғибадатханаға торт әкеледі. Торттың дөңгелек пішіні аймен байланысты, ал оның жандарына балауыздар қойылды. Оның алауы күннің сәулесі деген мағынаны берді. Торттың бетіндегі балауызды үрлегенде түтін шығады емес пе?! Адамдарда сол түтін тілеген тілектерін Құдайға жеткізеді деген түсінік болған. Балауыздың барлығын бір үрлегеннен өшіретін болсаң, оны періште «әумин» деп, тілеген тілегің міндетті түрде орындалады деген де бар.

Бұл дәстүр өмір мен тілек орындалуының символы болды және солай болып қала бермек. Сол себепті туған күн тойлау күллі әлемде кең таралған.