ТШО-ның отандық компаниялармен қарым-қатынасы қандай?

0

Алпауыт компанияның жобаларын жасап, кеңселерін салып жүрген отандық «Алем Констракшн Груп» ЖШС-гі. Аталмыш компания ТШО-мен көп жылдан бері серіктес. Осы жылдар ішінде мекеме еліміздегі құрылыс нарығында ең үздіктердің қатарына қосылған. «Ал бұған себеп Теңізшевройл» дейді компания басшылары.

“Алем Констракшн Груп» ЖШС-гі Теңізшевройл бас кеңсесінің металл конструкцияларын жобалау, дайындау және монтаждау жұмыстарын және қауіпсіздік қызметінің кеңсесін салған. Қала орталығындағы зәулім Ретро паркты тұрғызды. Құлсары қаласынан «Жансая», «Достық» саябақтарының құрылысын жүргізген. ТШО қонақүйлерінің жарықтарын модернизациялау және көптеген күрделі жөндеу жұмыстарын жасады.


«Еңбек нарығында біз өзіміздің жетістіктерімізбен сенімді компания екенімізді дәледедік. Мұндай дәрежеге жетуімізге көп жылдан бері бізге тапсырыс беруші Теңізшевройл компаниясының қолдауы. Компаниядан біз көп тәжірибе жинадық. Бұл бізге үлкен табыс әкелді. Біз тек табыс табуды ғана емес, еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосуы мақсат етеміз» -дейді «Алем Констракшн Груп» ЖШС-гі директоры Нұрлыбек Ищанов.

ТШО секілді ірі кәсіпорындармен серіктес болу үшін компания өз мамандары әрдайым кәсіби жетілдіріп отырады. Жұмысшылар тек өндірістік бағытта ғана емес, экологиялық сауаттылық, өз денсаулықтарын сақтау менеджменті бойынша жан-жақты білім алып отырады екен. Ал қауіпсіздік техникасын жіті білу бұл басты талап. Бұл бағытта Теңізшевройл тарапынан ең жоғарғы санат берілген.