трансгендер Виктория Берікқожаеваны түрмеде зорлады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, трансгендер мен қылмыс куәгері қысымға ұшырауы мүмкін

АЛМАТЫ, 26 шілде — Sputnik. Алматы облысындағы «Жауғашты» колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікқожаева зорланды. Оның адвокаты Айман Омарованың айтуынша, трансгендер биыл 19, 20 және 24 шілдеде зорланған көрінеді.

«Қазір Іле ауданының ішкі істер бөлімі ҚК 121-бабы 2-бөлімі 4-тармағы «Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Меніңше, Виктория мен қылмыс куәгеріне қысым көрсетілуі мүмкін», — деп мәлімдеді Омарова Sputnik Қазақстан тілшісімен әңгіме барысында.

Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Викторияны зорлаған ер адам түзету мекемесіне жазасын өтеушілермен жұмыс істеу үшін келіп тұрады. Ол терроризм және экстремизмге қатысты қылмыс үшін сотталғандармен жұмыс істейді. Зорлықшы психологпын деп танысып, қызды кабинетіне шақырып отырған», — дейді Омарова.

Тағы оқыңыз: Трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды

Адвокаттың айтуынша, қыздың зорланғанына жейдесінде қалып қойған биоматериал іздері дәлел бола алады.

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, алайда ведомство толығырақ мәлімет бере алмайды.

Виктория Берікқожаева (жынысын ауыстырғанға дейін – Кәрім Берікқожаев) 2016 жылы 20 тамызда алматылық дәмханалардың бірінде жәбірленушіден он мың доллар алып жатқан кезде ұсталды. Тергеу анықтағандай, Виктория басқа трансгендерді бопсалап, жынысын ауыстырғаны туралы бәріне жайып саламын деп қорқытқан. Жәбірленуші полицияға шағым түсіріпті.

2017 жылдың наурызында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық соттың судьясы Қасым Қалмағамбетов Виктория Берікқожаеваны жеті жылға соттап, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.



sputniknews.kz