Трамптың наразылықты басу үшін қабылдаған шешімі несімен қауіпті

0

Штаттардың жартысында коменданттық сағат енгізілді, алайда жергілікті билік іс жүзінде әрекет етіп отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. АҚШ-та Джордж Флойд есімді қара нәсілді тұрғын полицияның қолынан қаза тапқаннан кейін басталған жаппай тәртіпсіздік басылмай тұр. Егер полицияның күші жетпейтін болса, Дональд Трамп вандализм мен тонаушылықты тоқтату үшін тұрақты әскерді пайдаланбақшы, деп жазды РИА Новости.  

Тағы заң және тағы тәртіп

Америкалықтар Дональд Трамптың ұлтқа үндеуін күтті. Алайда президент асықпай, оны 2 маусымда жасады.

«Біз Джордж Флойдтың өлімінен кейін есеңгіреп қалдық, — деп бастады ол. – Алайда біз жиналған топқа бейбіт наразылықты жойып жіберуге жол бермейміз. Басты зардап шеккендер – заңға мойынсұнушы азаматтар мен халықтың кедей тобы. Мен оларды қорғау үшін күресемін».

«Мен заң және тәртіптің президентімін», — деп атап өтті Трамп. Бұл америкалықтарға жақсы таныс ұран екенін айта кету қажет.

1968 жылы ел сондай-ақ беймаза уақытта президент сайлауына дайындалып жатты: Вьетнамдағы соғысқа қарсы жаппай демонстрациялар, әйелдер мен нәсілдік азшылықтарды қолдау акциялары өтті. Қара нәсілділердің құқығы үшін күрескен кіші Мартин Лютер Кинг пен сенатор Роберт Кеннендидің өлімінен кейін Ричард Никсон сайлауға «заң және тәртіп» деген ұранмен барды.

«Сіз барлық проблема шын мәнінде қара нәсілділерде екенін қабылдауға міндеттісіз», — деп түсіндірді Ақ үй әкімшілігінің басшысы Гарри Холдеман.

Трамптың үндеуі

Трамп болып жатқан наразылықты ішкі лаңкестік деп атады. Ұлтқа жасаған үндеуінде президент шағын бизнес өкілдерін атап өтті. Көз алдында тәртіпсіздіктен жұмыс орнының қирап жатқаны жайлы айтты.

Көшеде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктің видеосы тарап жүр. Наразылыққа шыққандар сөрелерді қиратып, тауарларды шығарып, өздерімен алып кетіп жатыр. Fox 11 телеарнасының журналистері өтіп бара жатқан жігіттерге қолындағы аяқ киімді қайдан алғанын сұрады. Олар іркілместен жауап берген. Жан-жағында полиция болмаған.

Мұндай жағдай бүкіл елде болып жатыр. Биліктің вандализмді тоқтату туралы айтқаны еленген жоқ. Бизнес иелері өз заттарын өздері қорғауға шықты.

Санта-Моникада дүкендердің бірінің есігіне «зорлық-зомбылықты тоқтатыңыз» деген плакаты бар қыз тұрды. Шеруге шыққандар оны итеріп тастауға тырысты, түтін шашатын лақтырды, алайда бойжеткен қорықпай қарсы тұрды. Кейіннен жанына қара нәсілді ер адам барып, «біз наразылыққа шығамыз, ұрлыққа емес» деген плакат ұстап тұрды.

Ал Бруклинде қала тұрғындары полиция әрекет етпейінше тәртіп сақтау үшін патруль болып бірікті. «Біз мұнда тек қорғаныс үшін ғана келдік. Нәсілшілдік пен наразылық құқығын құрметтейміз. Бірақ біз өз отбасымызбен өмір сүріп жатқан жерді бұзуға ешкімнің құқығы жоқ», — дейді патруль ұйымдастырушылары Айзек Болтянски мен Дэвид Бродски

Ашулануға құқығы бар

Жергілікті биліктің әрекетсіздігіне наразылық танытқандар көп. Нью-Йорктің мэрі Билл де Блазио тонаушыларға шабуыл жасады деп айыпталып жатыр, жақында оның қызы көше қақтығыстары кезінде қамауға алынды. Эндрю Куомо штатының губернаторын да жағадан алып жатыр.

Дүйсенбіде Блазио әскерилерді қосу қауіпті деп мәлімдеді, оның айтуынша, бұл жағдайды нашарлатады.

«Қарулы күштер тұрғын үй аумағына кірсе, жақсы ештеңе болмайды», — деді ол. Дегенмен, көшелердегі полицейлердің саны екі есе – төрт мыңнан сегіз мыңға дейін өсті. Қалада коменданттық сағат жарияланды.

Ұлттық гвардияны қатыстыруға басқа да өңірлердің басшылары, негізінен демократтар асығар емес. Вашингтон штатының басшысы Джей Инсли әскери бөлімшелерді дайындады, бірақ оларды қалаларда да орналастырған жоқ.

Трамп сол уақытта әскерді өзі көшеге шығаратынын айтып қорқытты. Президент Бас қолбасшы болса да, штаттар аумағында федералдық қарулы күштерді өз қалауы бойынша пайдалана алмайды. Алайда егер ол 1807 жылғы көтеріліс туралы заңды қолданса, Ұлттық гвардия оның жарлығы бойынша губернаторларға қарамай әрекет етеді. Соңғы рет бұл заңды Лос-Анджелестегі наразылық кезінде 1992 жылы үлкен Джордж Буш қолданды.

Алайда губернаторлардың наразылыққа шыққандармен қарым-қатынасын шиеленістіруге ниеттенбеуі саяси сипатқа ие, деп санайды саясаттанушы Дмитрий Дробницкий.

«Демократияшылдардың басты міндеті – Трампқа екінші мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік бермеу. Наразылық басталғанша адамдарды карантинде ұстап отырды. Олар қазір ашуға булығып отыр, — дейді ол РИА Новости агенттігіне. – Трамп нашар көрінуі керек, өйткені демократияның риторикасына сәйкес, ол нәсілшіл және қоғамда жек көрушілік атмосферасын орнатты».

Егер ұзақ күн тәртіпсіздіктен кейін президент Ұлттық гвардия арқылы басқаратын болса, ол саяси ұпай жинайды және бұл жағдайда демократтардың не айтатыны маңызды емес болып қалады. «Трамп, кел де, тәртіп орнатыңыз» дейді наразылық болып жатқан штаттағылар және соған дауыс береді.

Саясаттанушы елдегі нәсілдік кемсітушілік жағдайы шынымен қорқынышты екенін атап көрсетеді.

Америка қоғамы және онсыз да жан жаққа бөлінген. Наразылық тек қайшылықтардың көп екенін, тереңде жатқанын көрсетті. Қарапайым адамдар полицейлерге да, тонаушылыққа да наразы, ал демократтар мен республикашылдар бұрынғысынша келісе алмайды. Үлкен Джордж Буштың саяси мансабында көтеріліс туралы заңның қандай рөл атқарғанын айту қиын. Бірақ 1992 жылы өткен сайлауда ол жеңіліс тапты. Трамп қатаңдыққа баса назар аударып отырса керек. Соңы не болатыны жақында белгілі болады.



sputniknews.kz