Трамптың экс-адвокаты сауалнаманы бұрмалауға ақша төлеген

0

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн Трамптың пайдасына онлайн сауалнаманы бұрмалау үшін программиске кем дегенде 12 мың доллартөлеген. Бұл туралы Wall Street Journal (WSJ) хабарлады.

Газеттің жазуынша, Трамп туралы екі сауалнаманың нәтижелері бұрмаланған. Бизнес жетекші туралы алғашқы сауалнама 2014 жылы жүргізілген. Екінші сауалнама 2015 жылы Республикашыл партияның президенттікке ұсынған кандидаты туралы жүргізілген. Трамп екі сауалнама қорытындысы бойынша қоғамдық пікірде алғашқы орынға шықпаған. Алғашқы сауалнамадан оның аты-жөнін алып тастаған. Wall Street Journal бұл факт сауалнамаға қатысқандар даусын президент пайдасына бұрғанын дәлелдейді деп санайды.

Басылым Майкл Коэн әуелде программиске 50 мың доллар төлеуге уәде бергенін жазды.

Twitter-де Wall Street Journal хабарына түсінік берген Трамптың бұрынғы адвокаты президенттің нұсқауы бойынша әрекет жасағанын жазды. Ол «сенімінен шықпаған адамға» беріле қызмет еткеніне өкінетінін білдірді.

Дональд Трамп Wall Street Journal ақпаратына әлі түсінік бермеді.

Дереккөз: Азаттық