Трамптың 700 беттен тұратын аса маңызды құпия құжатты алып кеткені анықталды
АҚШ Ұлттық мұрағаттар мен құжаттама басқармасы (NARA) материалдардағы 700 беттен тұратын 100-ден астам құпия ақпаратты 2022 жылдың қаңтарында Дональд Трамптың үйінен тапты. Бұл туралы Politico басылымы мұрағатшы Дебора Уоллдың жарияланған хатына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қораптағы материалдардың ішінде 700 беттен астам құпия ақпараты бар 100-ден астам құжат бар. Кейбір [құжаттар] құпиялылықтың жоғары деңгейлерін, соның ішінде арнайы қол жеткізу бағдарламасының материалдарын қамтиды», — дейді Уолл. Мұрағатшының хаты 10 мамырда жазылып, бұрынғы Федералды прокурор Эван Коркоранға жіберілді.
Бұған дейін Федералды тергеу бюросының (ФБР) қызметкерлері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Мар-а-Лагоның (Флорида) резиденциясында 150-ден астам құпия құжатты тәркілеген болатын. Сонымен бірге, 2022 жылдың қаңтарында Трамп тағы 150 құжатты АҚШ Ұлттық мұрағатына тапсырды. Осылайша, Президенттік мерзім аяқталғаннан кейін бұрынғы американдық көшбасшы үйде 300-ден астам мемлекеттік маңызы бар құпия материалдарды жасырып қалған.
Ақпарат: lenta.ru