Трамп Жаңа жылда жеті жасар баланы жерге қаратты
АҚШ президенті Дональд Трамп зайыбы Меланьямен бірге Рождество мейрамының қарсаңында балалармен кездесіп, олардың сауалдарына тікелей жауап береді.
The Hill басылымы жазғанындай, жеті жастағы Коулман атты бала Ақ үй қожайынынан Санта Клаусты күтіп жүргенін, оның үйге қашан келетінін сұраған. Алайда соншама үмітпен сұрақ қойған балаға президент күтпеген жерден жауап берді.
–Сен әлі күнге дейін Санта Клаусқа сенесің бе? Сенің жасыңда Санта Клаусқа сену ұят. Бұл дұрыс нәрсе емес,–деді АҚШ президенті.
Мұнан кейін Трамп өзіне тән ишарамен балаға қарап күлді де, оған демалысын және бос уақытын тиімді өткізуді сұрады. Президенттен мұндай жауап күтпеген бала біртүрлі тосырқап қалғанын қазір бүкіл америкалық БАҚ жарыса жазып жатыр.
–Президент Трамп салтанатты шараға келген баланың мерекелік көңіл күйін осылай бұзды. Ал Санта Клаусқа және үлкендерге сеніммен қарайтын жеті жасар баланың бетін бұлай қайтаруға болмайды. Баланың аты –бала, ал Трамптың бұл әрекеті дұрыс емес, –деп жазды The Hill басылымы.
♦»Санта Клаус» Обама ауруханадағы балаларға тосын сый жасады
Бір қызығы, Солтүстік Американың аэроғарыш бірлестігінің әкімшілігі (NORAD) 1955 жылдан бері Ақ үй лидерімен тұрақты кездесу өткізіп келеді. Өйткені елдің үлкен қаласындағы супермаркеттің біріндегі жарнамада байқаусызда NORAD-тың белгісі таңбаланып кеткен. Содан бері президентпен кездесу игі дәстүрге айналған екен.