Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады: БҰҰ бұған өре түрегелді

0

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина президенті Владимир Зеленский «диктатор» деп атауы Біріккен Ұлттар ұйымында қатты сынға ұшырады. ГФР канцлері Шольц америкалық көшбасшының сөздерін қате әрі қауіпті деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы DW-ға сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар ұйымы Украина президенті Владимир Зеленскийді заңсыз мемлекет басшысы деп санамайды, деп хабарлады БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Президент Зеленский тиісті сайлаудан кейін өз қызметін атқарып жүр, – деді ол Нью-Йорктегі журналистерге АҚШ президенті Трамптың Зеленскийді «диктатор» деп атаған мәлімдемелеріне түсініктеме бере отырып.

ТРАМП НЕ ДЕДІ   

Сол күні Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде украиналық әріптесін сауалнамалардағы «өте төмен рейтиңге» қарамастан, мемлекет басшысының «сайлаудан бас тартқаны» үшін сынға алған жазба жариялады. Ол Зеленскийді америкалық ақшаны «жеңіске жету мүмкін емес және басталмайтын соғысқа» жұмсады деп айыптады.

Сайлаусыз диктатор Зеленскийге асыққан дұрыс, әйтпесе оның елі дерлік елі қалмайды, — деп жазды америкалық көшбасшы.

УКРАИНАДАҒЫ РЕАКЦИЯ  

Украина президенті Трамптың сөздеріне әлі түсініктеме берген жоқ. Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига елдің өмір сүру құқығын қорғайтынын айтты.

Украина қазіргі Еуропа тарихындағы ең ауыр әскери шабуылға және үш жылдық жалпы соғысқа төтеп берді. Украин халқы мен оның президенті Владимир Зеленский Путиннің қысымына көнуден бас тартты. Украинаға ешкім беріл дей алмайды. Біз өмір сүруге деген қақымызды қорғаймыз, — деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

ЭР-РИЯДТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында күні кеше Ресей мен АҚШ жоғары лауазымды тұлғалары арасында тарихи ресми келіссөздер өтті. Бұл — Украинадағы соғыс басталғалы бері екі ел арасында болған алғашқы жоғары деңгейдегі кездесу. Келіссөздердің басты нәтижесі — дипломатиялық миссиялардың толыққанды жұмысын қайта жандандыру туралы уағдаластық болды.

Ресей делегациясын сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков бастап барды. Ал АҚШ тарапынан келіссөздерге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысты.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ

Украина президенті Владимир Зеленский бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың өз еліне қатысты бірқатар ұсынысына жауап берген. Ол АҚШ қолдамаса, Украина Ресейді жеңе алмайтынын мойындайды. Бірақ “олар (Ресей) бізді оккупациялай алмайтыны анық” дейді.