Трамп туралы зерттеу жүргізген NYT пен WSJ газеттері Пулитцер сыйлығын алды
15 сәуірде АҚШ-та Пулитцер сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Жүлде алғандар қатарында АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның отбасы жайлы екі бөлек зерттеу жүргізген The New York Times (NYT) және Wall Street Journal (WSJ) басылымдары бар.
New York Times басылымының журналистері — Дэвид Барстоу, Сюзанна Крейг пен Расс Бюттнер сыйлықты Трамп қаржысы жайлы, оның «бизнес-империясына қолдау болған салықтан жалтару амалдары» жайлы зерттеуі үшін алды.
WSJ журналистері сыйлықты 2016 жылы «бұрын президентпен жақын қарым-қатынаста болған» екі әйелге олар әлденені жария етпес үшін Трамптың қаржы бергені туралы зерттеуі үшін иемденді.
Пулитцер сыйлығының ең беделді «Қоғамға қызмет» номинациясын Флоридаданың Паркленд қаласындағы мектепте болған атыс кезінде мектеп әкімшілігі мен полиция қатесін әшкерелеген South Florida Sun Sentinel басылымының журналистері алды.
«Халықаралық репортаж» номинациясын Йемендегі соғыс салдары туралы жазған Associated Press журналистері мен Мьянмадағы мұсылман рохинджалар туралы жазып, кейін билік түрмеге кескен Reuters агенттігінің екі алды.
Reuters фототілшілері АҚШ шекарасындағы мигранттар бейнеленген суреттері үшін жүлде иемденді.
Әдебиет саласындағы сыйлық Ричард Пауэрс пен Джеки Сибблис Дрери берілді.
Пулитцер сыйлығы — әдебиет, журналистика және театр салаларындағы америкалық ең мәртебелі сыйлықтардың бірі. Сыйлық тегі венгр-еврей газет магнаты, 1911 жылы қайтыс болған Джозеф Пулитцер қалдырған қор негізінде тағайындалады. 1903 жылы ол қаржысын қалай пайдалану туралы өсиет қалдырған. Мангаттың өсиет қалдырған күні Пулитцер сыйлығы тағайындалған күн деп саналады. Жүлде сыйақысы — 15 мың доллар.