Трамп Тоқаевқа хат жазды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

16 0 0

АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми хат жолдап, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АЛМАТЫ, 26 – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады. Құттықтау хатын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

«Наурызда сізге, сіздің отбасыңызға және қазақстандықтарға бақыт бен өркендеу тілеймін. Бұл АҚШ-тағы, Қазақстандағы және әлемдегі  адамдарды біріктіретін бірлік, мейірім және жаңару мерекесі», — делінген хатта.

Сондай-ақ, Трамп елдердің өткен жылы экономикалық дамуда үлкен жетістікке жеткенін атап өтті. АҚШ президенті елдегі реформалар Қазақстанды Америка бизнесі үшін одан әрі тартымды етеді деп санайды.

«Біз, сондай-ақ, Ауғанстанда бейбітшілік орнату үшін жұмыс істейміз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер күтемін», — деп түйіндеді Трамп.

Қазақстанда наурыз 21-22 наурызда тойланады. 22-25 наурыз демалыс күндері болып жарияланды. Алайда 16 наурыздан бастап елімізде енгізілген төтенше жағдай салдарынан тарихта алғаш рет Наурыз мерекесі тойланбады.



sputniknews.kz