Трамп саясаттан кетсе де, АҚШ-тың болашағы бұлыңғыр

0
87

Трамп қамауға алынғаннан кейін АҚШ-тағы оқиғалардың қалай дамитыны, әрине, қызық. Демократтар мен республикашылардың қолымен жасалған жалған қылмыстық іс арқылы оны сайлау кандидаттарының тізімінен шығарып тастауды көздеп жатыр. Ал бұл Америка Құрама Штаттарында жүйеден тыс оппозицияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Яғни, тремпистер өздерінің жаңа саяси қозғалысты, партияны, консервативті бағытты дүниеге әкелуді жоспарлауы мүмкін. Қазіргі дағдарыс пен Байденге деген наразылық мұндай бастамаға жол ашатынын сөзсіз. Ал АҚШ-тағы жаңа сұранысты бүгінгі екіжақты жүйе қанағаттандыра алмайды.

Сондықтан Трампты саясаттан алып тастағанымен, бұл болашағы бұлыңғыр Американың жағдайын өзгерте алмайды.

Себебі АҚШ-тың экономикалық және қаржылық гегемоннан көптеген ірі ойыншылардың біріне айналуы, сондай-ақ әлемдік экономиканы біртіндеп долларсыздандыру олардың өмір сүру деңгейіне сөзсіз әсер етеді. Демек, саяси жаңару мен дәстүрлі екіжақты модельді реформалау уақыты келеді.

Ақпарат: Данияр Ашимбаевтың телеграм арнасынан
Фото: Ross D. Franklin