Трамп қорғаныс министрі міндетін атқарушыны тағайындады

0
57

АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрінің орынбасары Патрик Шэнаханның қорғаныс министрі міндетін атқарушы болып тағайындалғанын жариялады.

Шэнаханға дейінгі қорғаныс министрі Джеймс Мэттис 20 желтоқсанда Дональд Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару жоспарын жариялаған соң отставкаға кеткен. Мэттис министрлік басшылығы «асығыс ауыспас үшін» ақпанның соңына дейін қызметін атқара беретінін мәлімдеген еді.

Трамп 23 желтоқсан күні Twitter-дегі парақшасында «Қорғаныс министрінің өте талантты орынбасары Патрик Шэнахан 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап министр міндетін атқарады. Патрик министрдің орынбасары ретінде, оның алдында Boeing компаниясындағы қызметінде көп жетістікке жеткен. Ол тамаша басқарушы бола алады» деп жазды.

Дереккөз: Азаттық