Трамп Қарабақтағы қақтығысқа қатысты ойын айтты

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Таулы Қарабақтағы жанжалдың ушығуына қатысты пікір білдірді.

Трамптың айтуынша, Вашингтон жағдайды бақылап отыр.

«Біздің сол аймақтағы қарым-қатынасымыз жақсы. Бұл (шиеленісті — ескерту) тоқтата аламыз ба, оны көреміз», — деді ол.

НАТО Таулы Қарабақтағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Трамптың президент сайлауындағы қарсыласы, Демократиялық партия өкілі Джо Байден де алаңдаушылық білдірді. Ол бұл аймақтағы жанжал одан әрі ушыға түсуі мүмкінін атап өтті. Сондықтан Байден тараптарды деэскалацияға шақырды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Бүгіннен бастап Әзербайжанда да соғыс жағдайы енгізілді.

kaz.tengrinews.kz