Трамп пен Путин Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқыға салған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трам өткен аптада Украинадағы соғысты тоқтататынын және осы жолда командасы бірнеше жақсы келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. “Екі ел президенті неше рет сөйлесті?” деген сауалға Трамп “Бұл туралы айтпағаным дұрыс” деп жауап берді.

“Путин адамдардың өлгенін қаламайды. Соғыс жақын арада аяқталады деген үміттемін. Адамдар күнде өліп жатыр. Бұл соғыс Украинаға ауыр тиді. Мен мұны аяқтағым келеді”, – деді Трамп.

АҚШ президенті басылымға берген сұхбатында 2022 жылы өзі президент болғанда соғыс болмас еді деген өкінішін жеткізді.

Өз кезегінде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС басылымына түрлі коммуникациялар пайда болғанын айтты.

“Бұл коммуникациялар түрлі арналар бойынша жүргізіліп жатыр. Оның көп болу себебінен мен кей дүниелерден бейхабар болуым мүмкін. Сондықтан мұны растап немесе жоққа шығара алмаймын”, – деді  Дмитрий Песков.